419,66 501.30 5.64
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

COVID-19: «Astana Musical» театры жақынынан айырылған жандардың жанайқайын жеткізді

  • 135
  • UPD: 09:40, 19.02.2021

«Astana Musical» мемлекеттік театры елдегі қысылтаяң кезді би арқылы жеткізді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Елордада «COVID-19» атты туындының алдын ала жабық көрсетілімі өтті. Әртістері алапат індетте жақынынан айырылған жандардың жанайқайын жеткізді.

Әлемді әлекке салған коронавирус күндіз күлкіден, түнде ұйқыдан айырды. Театр әртістері жақынынан айырылғандардың ішкі сезімін, көңіл-күйін бимен жеткізді. «COVID-19» хореографиялық қойылымы карантиндегі отбасылық жанжалды да көрсетті.

Ақжол Өмірзақов, «Astana Musical» театрының композиторы:

- Осыған арнайы композитор болып кірістім. Алғашында ешқандай материал болмады, өзіміз кірісіп, қойылым қойдық. Бұл жерде отбасы жағдайы қозғалды. Кеңес ағамыздың «Қарағым ай» шығармасы да орындалды. Адамдар өз ойын өзгертсе екен деген ой болды. Екі өнерді ұштастырып, бишілер мен актерларды біріктіріп осындай дүние жасадық, эксперимент болды.

Жұмыла көтерген жүк жеңіл. Театр әртістері мен хореографтар бірігіп, өзекті тақырыпқа 4 ай дайындалған. Адамзатты үрейдің құрсауына алған індет ойлану үшін берілген мүмкіндік секілді. Жұтқан ауаның, еркіндіктің қадірін білмеппіз дейді композитор.

26-27 ақпанда «COVID-19» атты қойылым көрерменге жол тартады. Театрда өнерсүйер қауым санитарлық талаптарға бағынып, қойылым соңына дейін маскамен отыруы тиіс. Залдағы орындықтар да шахмат тәртібімен орналасқан.

COVID-19 аяқ асты әлемді өзгертті. Салдарынан адамзат қатаң шектеулерге тап болды. Ал қойылымның режиссері сол COVID-19-дың көрермендерге ой салатынына сенеді.

Наргиз Бекмағанбетова, Наурыз Базаров

Хабар 24 телеарнасы