Жамбыл Жабаев туралы биографиялық фильм түсіріледі

Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев Алматы облысына жұмыс сапарымен барды. Өңірдегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен және жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына дайындық жұмыстарымен танысты.

Мемлекеттік хатшы алдымен «Атамекен» тарихи-мәдени орталығын аралады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың тәуелсіздікті қалыптастырудағы тарихи ролін айшықтайтын музейлік экспозициялармен танысты. Артынша Қырымбек Елеуұлы Жамбыл Жабаевтың әдеби-мемориалды музейіне барды. Жамбыл мен оның өнердегі пірі Сүйінбай Аронұлының композитор әрі дирижер Нұрғиса Тілендиевтің рухтарына тағзым етті. Алматы облысында мерейтойлық іс-шаралар жоспары әзірленді. Онда Жамбыл туралы биографиялық фильмнің түсірілімі, ақын туралы кітаптар шығару, ақындар айтысын өткізу және өзге де шаралар қарастырылған.

Салтанат Жамбылова,  Жамбыл Жабаевтың  әдеби-мемориалды музейінің  меңгерушісі:

- Нұр-Сұлтанда осы 26 күні бұйыртса Жамбыл атамыздың 175 жылдығы ашылайын деп жатыр ғой салтанатты түрде. Соған жылжымалы көрмемізді апарайын деп жатырмыз. Бұның барлығы насихаттау атамыздың өмірін, шығармашылығын. 

Сапардың қорытындысында Қырымбек Көшербаев Жамбыл Жабаевтың мерейтойын өткізуге байланысты үкіметтік деңгейде арнайы комиссия құрылғанын айтты. Өткен жылы ақыл-ойдың алыбы, жазба әдебиетіміздің негізін салушы ұлы Абайдың мерейтойы болса, биыл қазақ ауыз әдебиетінің айтулы тұлғасы, эпик ақын, Жыр алыбы Жамбыл бабаның рухы асқақтайтын жыл. Мемлекеттік хатшы мұндай біртуар тұлғалардың асыл мұрасын насихаттаудың рухани жаңғыруға, әсіресе жастардың тәрбиесіне зор ықпал ететінін  атап өтті.

Қырымбек Көшербаев, ҚР Мемлекеттік хатшысы:

- Айтыс өнерінің шыңында Жамбыл атамыз тұр. Оның осындай жағдайға келуіне себепкер болған Сүйінбай атамыз тұр. Сондықтан осындай рухани дәстүрді жалғастыруымз керек. Біз XXI ғасырдың әртүрлі тегеуріндеріне лайықты жауап беру үшін өзіміздің ұлттық рухани жаңғырудағы ең бірінші еске түсетін тұлғалардың бірі Абай мен Жамбыл. Осы кісілердің әруағы бізді қолдайды, көмектеседі деп есептейміз. Ниетіміз қабыл болсын.

Сондай-ақ...