Беларусь ұлттық кітапханасының қоры Қазақстан әдебиетінің жауһарларымен толықты

Кітаптарды тапсыру салтанаты Минскте өтіп жатқан 28-ші халықаралық кітап жәрмеңкесі шеңберінде болды.

Қазақстан делегациясы өкілдері отандық туындылар жергілікті оқырмандарды еліміздің көпғасырлық тарихы, салт-дәстүрімен кеңірек танысып, білуіне мүмкіндік береді дейді. Кездесуде Беларусь ұлттық кітапханасы мен Қазақстан ұлттық академиялық кітапханасы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Асқар Бейсенбаев, Қазақстанның Беларусьтегі елшісі:

- Қазіргі қиын кезде мұндай шаралар адамдардың келешекке деген үмітін арттырып, сенімін күшейтуге көмектеседі. Себебі кітап әрдайым әлем елшісі ретінде халықтарды жақындастырған. Екі елдің ұлттық кітапханаларының ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қоюы соның бір дәлелі.