Семейде Жамбыл Жабаев туралы деректі фильм түсірілді

Семейдегі Достоевский атындағы әдеби-мемориалдық музейде жыр алыбы Жамбыл есімі ұлықталды.

Ақынның 175 жылдық мерейтойы мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы іс-шара негізінен әлеуметтік желілер арқылы насихатталады. Қаладағы нөмірі 21-ші орта мектептің оқушылары ақын шығармаларын мәнерлеп оқып, ғаламтор арқылы достарына таратты. Музей қызметкерлері бейнеқордан алынған дүниелерді пайдаланып, Жамбыл өміріне қатысты деректі фильм жасапты.

Мәдина Жағыпарова, музей қызметкері:

- 1943 жылы айтыскерлердің бір жиында жиналып айтысқаны туралы видео ұсынылатын болады. Осы видео арқылы оқушылар Жамбыл Жабаевтың өмірбаянын танып білулеріне болады.