Жамбылдың 175 жылдығына орай республикамызда бес жүзге жуық іс-шара өтеді

Жамбылдың 175 жылдық мерейтойына орай республика бойынша 500-ге жуық әлеуметтік, ғылыми-танымдық іс-шара өтеді.

Бұл туралы дала Гомері атанған ұлы жыраудың мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның алғашқы отырысында айтылды. Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев ұлы жырау тойы ұрпақтың санасына ұлағат болар тағылымдық және танымдық іс-шаралар арқылы жалғасатынын айтты. Ақын өмірінен деректі фильм түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, айтыс, әдеби конкурстар және басқа да шаралар өткізу жоспарланды. Отырыста Мемлекеттік комиссия мерейтойлық іс-шаралардың жалпы республикалық жоспарын бекітті.

Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы:

- Ұлы жырау «Жамбыл менің жәй атым, халық менің шын атым» деп, өзі жырлап кеткендей мерейтойлық іс-шаралар ұлттың ұйысуына, халықтың тәуелсіздікті нығайту жолындағы топтасуына қызмет етуі тиіс. Айта кететін жәйт, өткен жетіде Мәдениет және спорт министрімен, Алматы қаласы мен облысының әкімдерімен және Жазушылар одағының басшылығымен  Жамбылдың мұражайында болып, Жамбылға, оның ұстазы Сүйінбай Аронұлы мен компазитор Н. Тілендиев қабірлеріне тағзым етіп, мерейтойды өткізу мәселелері бойынша тағы бір пікірлестік.

Сондай-ақ...