Ұлттық музей қорына көне қобыздың көшірмесі табысталды

Дыбысы бүгінгінің қобызымен үндесетін көне музыкалық аспап. Бүгін Ұлттық музей қорына Түркі кезеңіне тиесілі көне қобыздың көшірмесі табысталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тиекті аспап 2015 жылы Алтай аймағындағы Қарақаба қорымында жүргізілген археологиялық қазба кезінде табылған. Қорымда жауынгермен бірге қылышы және қылқобызы жерленген екен. VI -VII ғасырдың бірегей музыкалық жәдігерін қалпына келтіру жөнінде шешім шыққан. Қоғам қайраткері Сапар Ысқақов аспаптың жаңартылған үш көшірмесін жасауды тапсырады. Ол 2017 жылы «Бабалар ізімен» ғылыми экспедициясының Ватиканға сапарлатқан кезінде көшірменің бірін Рим папасына табыстаған.

Сапар Ысқақов, қоғам қайраткері:

– Ондағы менің мақсатым – Еуропадағы ең үлкен, сыйлайтын ең нөмірі бірінші болып есептелетін аспаптар – ыспа аспаптар, скрипка виолончель сияқты. Музыкалық жағынан қобыз солардың арғы атасы деп айтуға болады. Ол біздің елде біздің бабаларымыз ойнаған аспап деп есептеледі.