432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақмола облысында «Жас дарын» музыканттар байқауы мәресіне жетті

  • 270
  • UPD: 21:29, 26.02.2021
Ақмола облысында «Жас дарын» музыканттар байқауы мәресіне жетті

Үш жылда бір өтетін өнер додасында 50-ден астам бала бақ сынады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арасында 8 жасар жеткіншек те бар. Түрлі аспапты шебер меңгерген өрендер – өңірдегі музыка мектебінің тәрбиеленушілері. Биылғы байқаудың ерекшелігі онлайн форматта өтуінде болды. Қазылар алқасы жыл санап талантты жастардың қатары артып келе жатқанын айтады. Дегенмен көзге түскен 18 үміткерге ғана республикалық кезеңге жолдама берілді. Музыка сайысы Тәуелсіздіктің 30 жылдығына арналды.

Балта Жандәулет, Біржан сал атындағы музыка колледжінің бөлім меңгерушісі:

– Балалар жақсы өнер көрсетті. Оның ішінде аспапта жеке орындаушылық және оркестр, шағын ансамбльдер жоғары деңгейде өнер көрсетті. Флейта деген аспапта ойнады, арамызда арнайы Гран при алған балаларымыз да бар. Биғазы Айкүміс. Конкурстан кейін шабыттанып, дайындала түседі одан сайын.

Хабар 24 телеарнасы