Қазақ күйлерінің антологиясы жарық көрді

Байырғы қазақ күйлерінің антологиясы жарыққа шықты. Кітаптың тұсаукесері ұлттық академиялық кітапханада өткен.

Үш тілде жарияланған жинаққа бұрын-соңды орындалмаған 500-ден астам күй енді. Онда Шыңжаңдағы Алтай-Тарбағатай, Іле қазақтарының сыбызғы және домбыра күйлері туралы ақпар берілген. Музыкалық туындылардың түпнұсқасы күйші-зерттеуші Ардаби Мәулетұлының жеке мұрағатынан алынған. Сонымен бірге Қошанай Елікбайұлының «Бозінген», «Бурыл аттың жүрісі», «Жетім қыздың зары» күйлері осы жинақта тұңғыш рет жарияланды.

Айта кетерлігі, әрбір жинақ күйлер жазылған цифрлық тасығышпен жабдықталған. Осылайша әуендердің тарихына үңіле отырып, оларды тыңдауға болады. Жоба «Сауап» қоғамдық қорының соңғы бес жылдағы зерттеу жұмысының нәтижесі. Алдағы уақытта қор қазақтың жыр-дастан, терме-толғаулары мен  өлеңдеріне арналған антологияны жарыққа шығармақ.

Сондай-ақ...