Ақтөбеде жас ақындар мүшәйрасы өтті

Ақтөбеде жас ақындар мүшәйрасы өтті
russkiymir.ru

Ақтөбеде жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы аясында жас ақындар мүшәйрасы өтті.

Сайысқа аудандық деңгейдегі кезеңдерде топ жарған 16 үміткер қатысты. Арасында оқушы, студенттен өзге, мұғалім және түрлі ұйымда еңбек ететін мамандар да бар. Олар қазақ поэзиясының даңқты тұлғасын өлеңге қосып, оның шығармаларын да оқыды. Ал танымал ақындардан құралған қазылар алқасы үздіктерді анықтап, алғыс хат және өзге де сыйлықтармен марапаттады.

Ұлы тұлғаның мерейтойына орайластырылған байқау ақпан айының басында жарияланған еді. Бұған дейін алғашқы туры онлайн өткізіліп, қатысушылардың шығармалары сараланған еді.    

Нұрбақыт Алтынбекқызы, облыстық жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы:

– Біріншіден, әрине, Жамбыл атамыздың өмір жолын, шығармашылығын, ақындық жолын жастарымыз арасында кеңінен насихаттау мақсатында болатын. Жас ақындарымызды демеу, қолдау білдіру болатын. Алдағы уақытта газет беттерінде мақала ретінде осы ақындарымыздың үздік деген жырларын шығарып, жастарға, халқымызға насихаттау.