«Хабар SHOW» YouTube арнасына жазылған көрермендер саны 2 миллионнан асты

«Хабар» агенттігіне қарасты YouTube-тегі «Хабар SHOW» арнасына жазылғандар саны 2 миллионнан асты.

Бұл арнадан көрермендер эфирден өткен қызықты шоу-бағдарламалар мен концерттер, телехикаялар мен эксклюзивті сұхбаттарды тамашалай алады.

Ал жуық арада «Хабар» арнасының эфирінен әлемде танымал болған «Маска» шоуы көрерменге жол тартады.

Естеріңізде болса, 2019 жылы YouTube-тегі бұл арна алтын батырмаға ие болған.