425,30 504.32 5.86
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Бүгін Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толды

  • 772
  • UPD: 11:16, 05.03.2021
Бүгін Әлихан Бөкейханның туғанына 155 жыл толды

Бүгін қоғам және мемлекет қайраткері, «Алаш» қозғалысының жетекшісі Әлихан Бөкейханның туған күні.

Әлихан Бөкейхан 1866 жылы қазіргі Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында дүниеге келген. Әкесі Нұрмұхамет Әлиханды 9 жасында молдаға оқуға беріп, кейін мектепте білім алды. Одан кейін Қарқаралыдағы үш жылдық училищеге түсіп, оны үздік бітіріп шыққан. Осылайша, 16 жасында Омбының техникалық училищесіне түсіп, 20 жасында Санкт-Петербургтегі Орман шаруашылығы институтына түскен.

Әлихан Бөкейхан – даңқты қоғам және мемлекет қайраткері. Оның бастамасымен «Қазақ» газеті ашылды, «Алаш» партиясы, кейін Алаш Үкіметі құрылды. Ол қазақ халқының ХІХ ғасырдың соңы – ХХ ғасырдың басындағы «Алаш» ұлт-азаттық қозғалысының идеялық негізін қалаушы әрі жетекшісі, қазақтың «Алаш» атты тұңғыш саяси партиясының әрі Қазақ-қырғыз ұлттық-территориялық автономиясының төрағасы болды. 1917 жылдың желтоқсанында дүниеге келіп, 1920 жылдың тамызына дейін қызмет еткен Алаш автономиясы бүгінгі Қазақстанның негізін қалап берді десек болады.

Ә.Н.Бөкейхан – даңқты энциклопедист ғалым, екі жоғарғы білімі бойынша ормантанушы-ғалым, агроном әлі заңгер, табиғи дарыны бойынша тарихшы, экономист, этнограф, әдебиеттанушы, журналист әрі публицист, сондай-ақ жер пайдалану мен мал шаруашылығы бойынша теңдессіз маман болған. Оның осы күнге дейін табылып, жинақталған ғылыми-публицисткалық мұрасы 15 томға жетті. 

1937 жылы 27 қыркүйекте Әлихан Бөкейхан тұтқындалып, бір айдан кейін жалған жаламен 71 жасында Мәскеуде ату жазасына кесілді.

Хабар 24 телеарнасы