Алматыда үндістандық «Болливуд» киностудиясы комедия түсіріп жатыр

Алматыда үндістандық «Болливуд» киностудиясы романтикалық комедия түсіріп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Gaalipata-2» деп аталатын туынды елде бұған дейін де түсірілген еді. Екі жастың арасындағы махаббат жайлы киноның түсірілімін біздің тілшілеріміз көріп қайтты.

Алмас Садуақас, тілші:

- «Gaalipata-2» деп аталатын фильмде ән мен би көп. Үнді фильмінің ерекшелгі де сонда. Түсірілімге алматылық бишілер тобы да қатысып жатыр. Романтикалық комедияның алғашқы бөлімі 2008 жылы түсірілген болатын. Бірақ екінші бөлімінде көріністердің көбі Жетісудың әсем жерлерінде түсірілген.

Йогарадж Бхат, «Gaalipata-2» фильмінің режиссері:

- Әр картинаны түсіргенде мен табиғаты көрікті жерлерді таңдауға тырысамын. Ал Қазақстанның табиғаты тамаша. Тау мен даласы, көлі мен шөлі ұласып жатыр. Және бір-біріне жақын.

Бала кезден бірге өскен достар – Ганеш, Дигант пен Китти – бәрі бірдей бір аруға ғашық болып қалады. Оқиға Үндістанда басталып, Қазақстанда жалғасады. Киноның түсірілімі Шарын шатқалында, Шымбұлақта, 28-панфиловшылар саябағында өтті.

Ганеш, актёр:

- Фильмнің режиссері менің жақын досым. Басты рөлге түсуге ұсыныс жасағанда келістім. Бұған қоса, романтикалық фильмдерге жиі түскен едім. Ал біздің елде шығатын картиналар негізінен махаббат жайлы.

Вайбхави Шандилья, актриса:

- Киноға бала кезден түсемін. Қазақстанға алғаш рет келуім. Керемет әсер алдым. Әсіресе, табиғаты ұнады. Көлсайды ешқашан ұмытпаймын.

Еліміздегі «Болливуд» фильмінің түсіріліміне қазақастандық кино мамандары да көмектесіп жатыр. Продюсер Майра Қарсақбаеваның айтуынша, бұған дейін де үндістандықтармен бірлесіп фильм түсірген. 

Майра Қарсақбаева, продюссер:

- Негізінен біз Шымбұлақ, Көлсай, ең жақсы бетке ұстар жерлерді көрсетіп жатырмыз. Бір жақсы жері бұл туризмнің дамуына өте өзінің үлесін қосып жатыр. Мысалға жұлдыздардың бір оқырмандары 1 миллион болса, бір күнде олар 1 миллион көрді десе болады. Олардың бәрі қызығып «Көлсай қайда, Шымбұлақ қайда» деп менен сұрап жатыр.

«Gaalipata-2» романтикалық комедиясы әлі толық түсіріліп болған жоқ. Ол тек күзге таяу экранға шығады.

Авторлары: Алмас Садуақас, Нұрдәулет Жақсыбай