Әлемге әйгілі «Маска» шоуы «Хабар» арнасынан көрсетіледі

Елімізде «Маска» атты музыкалық шоудың басталуына 10 күн қалды.

Әлемнің 50-ден астам елінде танымал болған бағдарлама «Хабар» телеарнасында эфирге шығады. Бұл шоу бірнеше жыл бұрын Оңтүстік Кореяда пайда болған.

Жексенбі кеші. Мыңдаған оңтүстіккореялықтар үйіне асығып барады. Себебі бірнеше сағаттан кейін MBC телеарнасында «Маска» шоуы басталады. Алғашқы бағдарлама 2015 жылдың сәурінде эфирге шықты және әлі күнге дейін оның рейтингтері өте жоғары. 

БЛИЦ:

– Қатысушылар масканы алып тастағанда, бұл әйгілі актер немесе әнші екені анықталғанда, сіз бұл бағдарламаның не үшін жасалғанын түсіне бастайсыз.

– Қатысушылар маска киіп, дауыстарын, сөйлеу мәнері мен әдеттерін өзгертеді, соның арқасында әнші талантын жаңа қырынан көруге болады.

– Мен де бағдарламаға қатысқым келеді. Адам сахнаға шығып ән айтады. Мен маска астында кім жасырылғанын білгім келеді, сондықтан мен орындаушының дауысына назар аударып, мұқият тыңдаймын.

Владислав Цой, тілші:

– Оңтүстік Кореядағы шоудың атауы біршама ұзын – «Бетін жасырған алаяқ-король» деп аталады. Кореялық кейіпкерлер жануар, жеміс немесе көкөніс кейпінде жүреді.

Кореялық шоуға 14 кейіпкер қатысады. Көбіне олар – кәсіби әншілер. Арасында әлемде танымал әртістер бар. BTS әншісі Чон Гук та қатысты. Ал рок-музыкант Ха Ен У өз дауысының кең диапазонын көрсетті және оны ұзақ уақыт бойы ешкім таныған жоқ.

Хо Чон Сук, MBC телеарнасының бөлім басшысы:

– Кастингтік бағдарламалар өте көп болды, бірақ олардың арасында «Маска» шоуы қатысушысының аты-жөнін құпия сақтауымен ерекшеленеді.

Қазақстан «Маска» шоуы көрсетілетін 55-ші елге айналды. Кореядағыдай оның 14 қатысушы бар. Олардың екеуі алтын адам мен көбелек маскасын киіп шығатыны белгілі. 21 наурыз күні сағат 19:15-те Хабар телеарнасында «Маска» шоуын жіберіп алмаңыз.

Владислав Цой, Ольга Лян