Таразда киім дизайнерлерінің бірінші ұлттық байқауы басталды

Таразда киім дизайнерлерінің бірінші ұлттық байқауы басталды. Оған еліміздің 27 колледжінен 50-ден аса адам қатысып жатыр.

Олар «Киім дизайны», «Тігін өндірісі» секілді мамандықтарды меңгеріп жүрген студенттер. Көрсетілімдер онлайн өтеді. Қатысушылар өз коллекцияларын «Неофольклор» стилінде ұсынуы шарт. Заманға сай тігілген ұлттық киім болуы тиіс.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шара, жас дизайнерлерді қолдауға және қазақстандық сән индустриясын дамытуға бағытталған. 

Айдархан Қалиев, дизайнер:

- Конкурстың басты мақсаты ұлттық киімдерімізді заманауи үлгіге бейімдеу. Қатысушылардың барлығы осы бағытта біраз тер төкті. Ал олардың еңбегін бағалайтын қазылар Еуропа және Азия елдерінен өте білікті мамандар.

Сондай-ақ...