Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 142
433,40 515.14 5.59
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Марабай Құлжабайұлының туғанына 180 жыл толды

  • 114
  • UPD: 10:14, 13.03.2021

Жасынан өлең-жырға құмар болып, кейін жыраулыққа машықтанған, өсе келе атақты Шернияз ақыннан үлгі алған.

Жұмырбай, Көкейқыз, Базар, Қашаған, Сүгір сынды ыңғай төкпе ақындармен айтысқан Марабай Құлжабайұлының даңқы қазақ даласына кең тарады. Туғанына 180 жыл толған Марабайды Жайық жағасындағы ел әлі де құрмет тұтады. Мысалы, Орал қаласының тұрғыны Ертарғын Дәулетқалиев дүние есігін ашқан сәбиіне атақты жыраудың атын қойды. Көкбаймен әңгімелесіп отырған Абай Құнанбайұлы «Қазақта Марабайдан асқан ақынды білген емеспін», - деп жауап қайтаруында көп мән бар. Танымал шығыстанушы, эпостық шығармаларды насихаттаушы Николай Ильминский «Ер Тарғын» жырының бізге жеткен нұсқасын осы Марабай жыраудан жазып алған. Ал, ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин хатқа түсірген «Қобыланды батыр» жырының бір тарауы «Қазақ хрестоматиясына» енді. «Биыл соңына мол мұра қалдырған тұлғаны тани түсу мақсатында бірқатар іс-шара ұйымдастырылады екен. Ырымдап, төртінші перзентіме атын қойдым», - дейді Ертарғын.

Ертарғын Дәулетқалиев, қала тұрғыны:

- Мына биыл Марабай атамыздың 180 жылдығына орай бабамыздың есімін бергелі отырмын. Өз өңіріміздің тумасы болғандықтан атамыз сияқты керемет бір үлгілі ер азат болсын деген нитен. Өз есімім Ертарғын болғандықтан «Ер Тарғын» жырын Марабай атамыз алып келген. Сондықтан да есімін Мараба қойып отырмын.

Нұрлан Сәдір, облыстық халық шығармашылығы орталығының редакторы:

- Марабай жырау ол көп жыраудың бірі емес, ол Абай Құнабайұлының оң бағасын алған. Шәкәрім атамыздың өзі жоғары бағалаған. 1862 жылы жарық көрген Марабай жыраудан жазып алған «Ер Тарғын». Қазір бір деректің ұшын ұстағандаймыз, осы Мәскеу қаласында 4 мың жол Марабайдың өлең жырлары табылыпты деген, бұл жорамал ғана. Тағы қандай еңбектері қалды екен артында? Қазір мысалы әлі күнге дейін жерленген жері анық емес, соны анықтап, еңбектерін іздеп жатырмыз.

 

Хабар 24 телеарнасы