433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сеулде Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына арналған онлайн кеш өтті

  • 129
  • UPD: 09:46, 15.03.2021

Қазақ поэзиясының Хантәңірі, ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығы шетелде ерекше аталып өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Еліміздің 9 елдегі елшіліктері мен консулдықтары әдеби кеш ұйымдастырды. Шетелдіктер Мақатаевтың өлеңдерін қазақ және ағылшын тілдерінде оқыды. Онлайн кешті Сеулдегі тілшіміз Владислав Цой тамашалады.

Владислав Цой, тілші:

- Әдеби кеш Мұқағали Мақатаев туралы «Kazakh TV» телеарнасы түсірген фильммен басталды. Кездесуге қатысушылар ақын дауысын естіді.

Мұқағали Мақатаев – Отан, махаббат пен өмір туралы жүздеген өлеңдердің авторы. Сондықтан оның шығармалары шетелдегі қазақстандықтарға жақын. Поэзия кешіне қатысушылардың арасында Кореяда 10 жылдан бері тұратын Назгүл Қарабаева және Мұқағали Мақатаевтың ең жас жанкүйері – сингапурлық Әлихан Батырбеков те бар.

Назгүл Қарабаева, Сеул тұрғыны:

- Қарамай қара нөсер қағынғанға, Саған ұшам, Қалмайды сабыр жанда, мен сені сағынғанда, сағынғанда...Мен сені сағынғанда.

Әлихан Батырбеков, Сингапур тұрғыны:

- Ең бірінші бақытым – Халқым менің, Соған берем ойымның алтын кенін. Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын, Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.

Мұқағали оқырмандары арасында шетелдіктер де бар. Азва Йон Димаштың шығармашылығымен танысқаннан кейін қазақ тілін оқи бастады. Ол әншінің Малайзиядағы фан-клубын басқарады. Ал австралиялық студент Бенджамин Андерсонға Мұқағалидің Нығмет Ибадилдин мен Динара Писарева аударған «Бақыт деген не өзі?» өлеңі ұнады.

Азва Йонг, Куала-Лумпур тұрғыны:

- Бар жәндігін сүйемін қыбырлаған, Бәрі маған: «Отан!» деп сыбырлаған Жаным менің, Кеудемді жарып шық та, Бозторғайы бол оның шырылдаған!

Онлайн-әдеби кешке Үндістан, Вьетнам, Таиланд және Индонезия тұрғындары да қатысты. Қазақ мәдениеті жанкүйерлерінің келесі кездесуі Наурыз мейрамын тойлау кезінде өтеді.

Авторлары: Владислав Цой, Ольга Лян

Хабар 24 телеарнасы