433,15 516.00 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ресейлік Михаил Гусман II-дәрежелі «Достық» орденімен маратталды

  • 240
  • UPD: 19:42, 13.03.2021

ТАСС ақпарат агенттігі бас директорының бірінші орынбасарына Жоғары награданы Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев тапсырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығына сәйкес, журналист мәртебелі марапатты екі ел арасындағы қарым-қатынасты дамытуға қосқан үлесін үшін алған. Михаил Гусман қазақ еліне шексіз алғыс білдіріп, әріптестерімен екі жақты ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға барын салатынын жеткізді.

Михаил Гусман, ТАСС ақпарат агенттігі бас директорының бірінші орынбасары:

– Өмірімнің ширек ғасырдан астам уақыты Қазақстанмен тікелей байланысты. Мәскеуде жұмыс істесем де, Алматыда және әдемі астаналарыңызда көп рет болдым. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтай ірі тұлғадан бірнеше рет сұхбат алу мәртебесіне ие болдым. Назарбаевтың елдік ісін көрнекті дипломат және мемлекет қайраткері Президент Тоқаевтың жалғастырғанына ризамын. Менің ойымша, осы саяси және адами сабақтастықта Қазақстан Республикасындағы тұрақтылықтың және алға қарай дамуының кепілдігі жатқан сияқты.

Хабар 24 телеарнасы