Иманбек Зейкенов Grammy-дегі жеңісі туралы ойын айтты

20 жастағы қазақстандық Иманбек Зейкенов Grammy-дегі жеңісі туралы пікір білдірді.

Оған бұл сыйлық Saint Jhn-нің «Roses» әніне «Үздік ремикс» жасағаны үшін табысталды.  

«Музыканттың карьерасындағы ең елеулі оқиға – Grammy-ді жеңіп алу және біз оған қол жеткіздік», – деп жазды ол.

Ал марапаттау рәсімінде жеңімпаз ретінде өзінің аты аталған кезде: «Анама, әкеме, командама және менеджерім Кириллге рақмет. «Грэммиге» рақмет», – деді Иманбек.

Айта кетейік, Grammy сыйлығының 63-ші марапаттау салтанаты Лос-Анджелесте онлайн өтті. Беделді музыкалық сайыста қазақстандық үш қарсыласын басып озды. Қазақстан тарихында бұған дейін мұндай сыйлыққа ешкім ие болған емес.