Димаш Құдайберген Иманбек Зейкеновті Grammy-дегі жеңісімен құттықтады
- 154
- UPD: 10:26, 15.03.2021

Иманбек Зейкеновті Grammy-дегі жеңісімен Димаш Құдайберген құттықтады.
«Алтын бауырым, үлкен жеңісің құтты болсын! Өз талантыңмен біздің халқымыздың мәртебесін көтеріп тастадың! Бүгінгі бұл жұлдызды сәтің әлі талай ұзақ жылдар бойы сені алға жетелей берсін! Нағыз қазақтың DJ, ән өңдеушісі болса, сендей-ақ болсын! Шаршама, талма, самға! Жарайсың!» – деп жазды Димаш.