Иманбек өзін қолдаған барша жанға алғысын айтты

- Ребята, хотел сказать, всем тем, кто меня поддерживал большой рахмет. На секунду почувствовал себя Головкиным... 

Осылайша өзіне сенім артып, қолдаған барша жанға алғысын айтқан Иманбек Зейкенов енді алдағы уақытта өзінің туған өңірі Павлодардағы Торайғыров университетінің студенттерімен цифрлық жазба бойынша тәжірибесімен бөліспек ниетте. Бүгінде 21 жастағы музыкант жоғарғы оқу орнының машина жасау факультетінде білім алады.

Дария Әбікенова, Торайғыров Университеті айти-хаб директоры:

- Университетіміздің студенттері «цифрлы дыбыс операторы» мамандығын игере алады. Иманбек бұл бағытта тәжірибесімен бөлісіп, оқытушылықпен айналыспақ. Ол бірден келісті. Студенттермен өз тәжірибесімен бөліседі.

Зухра Мендібай, студент:

- Иманбек негізі қарапайым жігіт. Жұлдыздығы жоқ. Біз осындай кісімен бір университетте оқығанымызға өте ризамыз және мақтан етеміз.