20 жастағы Иманбек американдық Грэмми сыйлығын алған ең жас музыканттардың бірі атанды.
Жалпы Грэммидің ең жас жеңімпазы Лиэнн Раймс саналады. Ол 14 жасында лауреат атанған.
Ал Бейонсе, Кристина Агилера, Рианна секілді әншілер «Грэмми» сыйлығын алғаш рет 19 жасында жеңсе, Тэйлор Свифт бірінші марапатына 20 жасында қол жеткізген.
Грэмми музыка саласындағы ең абыройлы марапат. Ол кино индустриясындағы Оскармен тең. Марапат ретінде артистерге граммофон мүсіні беріледі. Бірақ ақшалай сыйақы жоқ. Дегенмен, граммофон статуэткасын алған кез келген орындаушы немесе продюсердің концерттегі билет сатылымы 55 процентке өсуі мүмкін. Мысалы, Бруно Марс және Тейлор Свифт Грэммиде жеңіске жеткеннен кейін билет сатылымынан біраз қаржы тапқан.