Маңғыстау облысында «Үлгілі келін» байқауы өтті

Маңғыстау өңіріндегі «Адай ата - Отпан тау» тарихи-мәдени кешенінде «Үлгілі келін» байқауы ұйымдастырылды.

Биыл көрерменсіз өткен сайыста 7 келіншек бақ сынады. Әжелерден құралған қазылар алқасы қатысушылардың ұлттық ас әзірлеу әрі ісмерлік шеберлігін, ұлттық салт-дәстүрді жетік білуін сарапқа салды. Мәдени шара аясында қазақтың ұмытыла бастаған жаужүрек, өрметөс, үлпершек секілді тағамдары әзірленді. Сайыс соңында Мұнайлы ауданында тұратын Феруза Нәбиева жеңімпаз атанды.