432,26 519.25 5.62
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Ақтөбеде сармат дәуірінде өмір сүрген тайпа көсемінің мүсіні жасалды

  • 118
  • UPD: 22:51, 17.03.2021
Ақтөбеде сармат дәуірінде өмір сүрген тайпа көсемінің мүсіні жасалды

Оның киімі мен құрал саймандарының қалдықтары осыдан екі жыл бұрын Темір ауданының Тасқопа ауылы маңындағы қорымнан табылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құнды жәдігерлерді археологтар шамамен 6 метр тереңдіктен қазып алған. Ол жерден табылғаны таза алтынмен апталған белдік, бас киімнің қалдықтары, қылыш пен садақ және қамшының сабы. Тарихшылар қорымда жерленген адамды сармат дәуірі көсемдерінің бірі деп топшылайды. Біздің заманымызға дейін IV және III ғасырлар арасында өмір сүрген. Мамандар қорым бұған дейін бірнеше рет тоналса да, қалдықтар мен сүйектерді құрастырып жерленген ер азаматтың дене пішімін сомдап шықты. Ал, киімі мен алтыннан құйылған әшекейлерді жергілікті зергер Болат Атыраубаев қайта жасап шыққан. Бұл құнды экспозиция Ақтөбе облыстық музейіне қойылды.

Болат Атыраубаев, зергер:

- Бізге біріншіден, мына түпнұсқамен жұмыс істеу өте қызық болды. Өйткені бұл деген шығармашылық жұмыс емес. Бұл ғылыми жұмыс. Бұрынғы шеберлердің қандай деңгейде болғандығы мені маман ретінде таңқалдырды. Өйткені ана жоғары пробалы алтын фольга от тисе балқып кетеді негізі. Соны бұрынғы шеберлер қалай жасағаны бізге осы уақытқа дейін тылсым дүние. Солардың көшірмесін жасау мен үшін үлкен абырой.

Хабар 24 телеарнасы