Иманбек Зейкенов «Вечерний Ургант» бағдарламасында қонақта болды

Қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов (Imanbek) «Вечерний Ургант» бағдарламасында қонақта болды.

Бұл кездесуге жерлесіміздің Grammy сыйлығын иеленуі себеп. Қазақстандық диджейдің америкалық рэпер Saint JHN-нің Roses әніне жазылған ремиксі байқауда үздік деп танылған болатын.

Бұған дейін Ургант Imanbek-ті Grammy үміткерлерінің тізіміне енген кезде видеобайланыс арқылы арнайы құттықтаған болатын. Ал кеше қазақстандық өнерпазды қонаққа шақыратынын мәлімдеген

Иманбек әңгімелесу барысында онлайн өткен марапаттау рәсімінен соң ұйықтап қалғанын, таңертең қоңырау шалғандардың саны тоқсаннан асып кеткенін, тіпті арнайы Мемлекет басшысы да құттықтау жібергенін айтты.

Қазақстандық Иманбек Зейкенов Грэмми сыйлығын жеңіп алды

Иманбек Зейкенов Grammy-дегі жеңісі туралы ойын айтты

Президент Иманбек Зейкеновті Grammy сыйлығын алуымен құттықтады

Димаш Құдайберген Иманбек Зейкеновті Grammy-дегі жеңісімен құттықтады

Иманбек Грэмми сыйлығын алған ең жас музыканттардың бірі атанды