Оралда Наурыз мерекесіне арналған айтыс өтті

Бұл жолғы сөз сайысына республикалық деңгейдегі дүбірлі додаларда топ жарып жүрген азулы айтыскерлермен қатар сөз өнеріне енді ғана ден қойған жас буын өкілдері де қатысты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жеті жұп болып өзара шеберлік байқасқан 21 ақын Бөкей хандығының 220 жылдығы мен биыл 70 жасқа толған айтыс өнерінің жанашыры Жүрсін Ерман шығармашылығын жырларына арқау етті. Ақындар назарынан қоғамдағы өзекті мәселелерді де тыс қалмады.

Жансая Мусина, айтыс ақыны, «Алтын домбыра» иегері:

- Көптен карантиндік шаралар бар індетке байланысты елімізде айтыстар өтіп жатқан жоқ. Сондықтан ақындар суып қалмасын, үнемі бабында жүрсін деп Қадыр сарайының ұйытқы болуымен үлкен шара өтіп жатыр. Бұл жас ақындардың өздерін шыңдауына үлкен көмек болады деп ойлаймын. Жайық өңірінде айтыс баяғыдан келе жатыр, әлі де дамыта береміз, ақсүйек өнер өлмейді деп ойлаймын. 

Дулат Жүсіпқалиев, қалалық жастар ресурстық орталығының басшысы:

– Біз қазір барша карантиндік талаптарды сақтай отырып, осы айтысты жоғары деңгейде өткізуге тырысып жатырмыз. Бұл жерде ешқандай орын берілмейді. Барлық ақынға Қазақ күресі федерациясы атынан арнайы сыйлықтар табысталатын болады.