Абай ұрпақтары туралы тың деректер табылды

Абай ұрпақтары туралы тың мәлімет Шымкенттен табылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Арнайы тас тұғырда Хакім Абайдың шаһарда жерленген перзенті Тұрағұл Ибраһимұлы мен өзге де туыстарына қатысты деректер қашап жазылған. Ескерткіш тақта қаладағы дәрі-дәрмек шығаратын зауыт қоймасында 30 жылдан астам уақыт сақталып келіпті. Қазір көне жәдігерді фармацевтикалық кәсіпорын мамандары М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетіне қарасты «Мұхтартану» ғылыми орталығына табыстады. Енді бұл істі зерделеуді ғалым-тарихшылар қолға алды.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Талай ғасырдан сыр шертетін ескерткіш тақтаны Мәкен Тұрағылқызы әкесінің аты өшпесін деп һәм мәңгі тарих болсын деп арнайы жасатқан. Бір ерекшілігі, бұл тастұғырда тек Тұрағұлдың ғана емес, өзге де Абай ұрпақтарының есімдері, қайтыс болған күні және жерленген жері де қашап жазылыпты. Дәрі-дермек зауыты қоймасынан «Мұхтартану» ғылыми орталығына жеткізілген жәдігер енді университет ғалымдарының зерттеу алаңына айналмақ.

Дария Қожамжарова, М.Әуезов атындағы оқу ректоры:

- Бұл әлі ғылыми айналымға түсетін әрі қарай зерттеуді қажет ететін үлкен ғылыми жаңалығымыз болып отыр. Ғалымдар онымен міндетті түрде айналысады. Қазіргі ең үлкен нәрсе бізде тарихи шындық бар, тарихи факт бар. Бұл мәдени мұраның бір белгісі, бұл рухани жаңғырып отырған XXI ғасырдағы тәуелсіздіктің тұсындағы дамып отырған біздің үлкен ғылыми үрдісіміз болып табылады.

Хакім Абайдың ұлы Тұрағыл Кеңес Үкіметі кезінде қуғын-сүргінге ұшырап, еліміздің шығысынан оңтүстік өңірге қоныс аударған. Кейбір деректерде Тұрағылдың Шымкент шаһарында өмір сүргендігі де баян етіледі. Ал тарихи ескерткіш тақтада оның 1934 жылы қайтыс болғаны жазылған. Бұл осы күнге дейін кейбір тарихшылардың айтып жүрген «Тұрағұлдың сүйегі зауыт астында қалып қойды» деген пікірді жоққа шығарады. Өйткені дәрі-дәрмек зауыты 1882 жылдары бой көтерген.

Ақжол Қалшабек, «Мұхтартану» ғылыми орталығының аға ғылыми қызметкері:

- Бұл жерде жерленген мазараттардың аттарын жақсы көрсеткен жылдарында. Енді мүмкіндік болса, Шымкент аумағында ол мазараттар бар болса, оны табуымыз керек. Ары қарай адамдардың да жерленген жерін табуға әрекет етуіміз керек. Біз осы бағытта жұмыс жасаймыз.

Мемориалды тақта ескі фармацевтикалық зауыттың қоймасында шамамен 30 жылдай жатқан. Кәсіпорын қызметкерлері бұл заттың құндылығын ескеріп, оны ғылыми орталыққа тапсыруды жөн деп тауыпты.

Аян Тоқсанбав, фармацевтикалық зауыттың қызметкері:

- Осы төңіректе жерленіпті. Сосын Мәке апамыз осы жер «Химфарм» аталған соң бізге зауытқа тасты дайындатқызып, бізге тапсырған екен. «Мұхтартану» ғылыми орталығындағы жобаларды естіп біліп, біз осы құлпытасты соларға беруді өзімізге міндет санадық.

Нұрбек Байбосын, тілші:

- Абайтанушы ғалымдар Тұрағылдың осы зауыт аумағында жерленгенін жоққа шығармайды. Себебі осы маңда ежелден тұратын халық бұл жерлерде бұрын зират орны болғандығын айтады. Кейін ол қорым бұзылып, балабақша соғылған. Қазір бұл қаптаған қоймалардың орны.

Мәкен апамыз өзі жазған кезінде анықтап, «Химфарм зауыттың аймағы» деген сөздің мәнісі сонда, себебі әкесін өзі жерлеген ғой. Біз түсіндік. Сондықтан да Тұрағыл Абайұлының осы жерлерде осы аймақта жерленген деп айта аламыз.

Ескерткіш тақтада аты-жөні кездесетін өзге де Абай ұрпақтарының жерленген жерлерін қазір тарихшылар зерттеуге алған. Ғалымдар мұрағаттан кездесе бермейтін деректерді табуға ниетті. Бұл жұмысқа жергілікті магистранттар мен докторанттар да тартылған.

Авторлары: Нұрбек Байбосын, Нұрмахан Мұсатов, Нұрмахан Бекмұратов