424,64 503.77 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Иманбектің жеңісі жайлы америкалық сарапшы не дейді?

  • 192
  • UPD: 13:49, 21.03.2021
Иманбектің жеңісі жайлы америкалық сарапшы не дейді?

Қазақстандық Иманбек Зейкеновтың Грэмми сыйлығын жеңіп алуы Наурыз мерекесінің қарсаңындағы үлкен жаңалық болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

20 жастағы диджейдің мұндай жетістігі музыка индустриясындағы ең абыройлы марапат болып саналады. «Үздік ремикс» номинациясы бойынша жеңіске жеткен Иманбекпен әлемнің үздік продюсерлері мен дыбыс жазу студиялары жұмыс істеуге асық болатыны белгілі. Осы орайда қазақ баласының Грэммиге ие болуы жайлы және оның қандай артықшылығы бар екендігі жайлы америкалық маманнан сұрап, пікірін білген едік.

Ноа Баламуки, композитор:

– Грэмми марапатына ие болу – Қазақстан үшін ғана емес, тұтас Азия елдері үшін де өте үлкен жетістік. Өйткені мұндай сайыста жүлделі болу оңай шаруа емес. Оның ең басты артықшылығы – музыканттың танымал болатыны. Сіздің атыңызды индустриядағы адамдар біле бастайды. Бала күнімізден Грэмми жайлы естіп те, көріп те келдік. Бұл марапаттың жеңімпазы болу – музыка саласында жүрген кез келгеннің арманы. Былайша айтқанша, Грэммиді алу Эмми, Оскар немесе Томми сыйлығына ие болумен тең.

Хабар 24 телеарнасы