Ақтауда ұлттық тағамдар көрмесі өтіп жатыр

Ынтымағы жарасқан өзге ұлт өкілдері бір жерде бас қосып, жеңсік ас толы ақ дастархан жайған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Карантиндік шектеулерге орай дәстүрлі шараға бұл жолы қатысушы адам саны аз. Десек те, көрмеге келгендердің көңіл-күйі көтеріңкі.

Талғат Исламұлы, тілші:

– Маңғыстау өңірі «жасыл аймақта» болса да, әз Наурызда көшеде топталып мәдени іс-шара өткізуге тыйым салынған. Мәдениет нысандары залдың сыйымдылығын 30 проценттен асырмай жұмыс істеп жатыр. Осыған орай өңір жұртшылығы ұлыстың ұлы күнін өз отбасында, жақындарымен бірге атап өтуді ұйғарған десек те болады.

Ал мына ғимаратта облыстық Ассамблея өкілдері шағын дастархан жайған. Қазақтың еті, бауырсағы, қазы-қартасынан бөлек, өзбек палауы, осетин бәліші, ұйғыр лағманы мен әзербайжан долмасы да үстелде тұр. Бір айта кетерлігі, өзге ұлттың өкілдері қазақтың ұлттық тағамдарын да үйден әзірлеп әкеліпті. Осыған дейін өткізілген ас әзірлеу сабақтарының нәтижесі – бұл. Менің жанымда «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Амангүл Жайылханова тұр.

Амангүл Жайылханова, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы:

– Ұлттық ас түрлерін әзірлеу сабағына қысқаша тоқталып, әз Наурызда Ассамблея мүшелері атқарған жұмыстарды баяндап өтеді.

Талғат Исламұлы, тілші:

– Маңғыстау өңірінде Наурыз мерекесіне арнайы бекітілген тұжырымдама аясында іс-шараларға Ассамблея өкілдері де белсене қатысқанын айта кетейік. Олар қала саябағында 200-ден астам тал егіп, еріктілер және меценаттармен бірлесе аз қамтылған отбасыларға дәрі-дәрмек, азық-түлік жеткізіп берді. Өңірлік мамандандырылған балалар үйінде тәрбиеленушілер мен қарттарға арналған қайырымдылық акциялар әлі де болса жалғаса береді.