Өскеменде ұлттық қолөнер бұйымдарының көрмесі өтті

Шығыс өңірдегі суретшілер мен қолөнер шеберлері Наурыз мейрамын өзінше тойлап жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өскемендегі тарихи өлкетану музейінің қызметкерлері аймақтағы өнер туындыларының көрмесін өткізді. Мақсат – Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық бұйымдарымызды ұлықтау

Сапасы әлдеқайда артық екені дәлелденген. Гүлнар Дәуітқызы жастайынан қазақтың қолөнер бұйымы арқылы кәсіптен нәсіп тауып келеді. Тек нәсіп қана тауып қоймай, соңғы 20 жылда оны насихаттап жүр. Бүгінге дейін халықаралық және республикалық көрмелерге қатысып үлгерген. Қазір ұлттық қолөнерді жас шәкірттерге үйретеді.

Гүлнар Дәуітқызы, қолөнер шебері:

- Мектеп қабырғасына барып, қыз балаларға шеберлік көрсетіп тұрамын. Енді пандемия кезінде тоқтаттық. Өзім құралтпас кісілер бар. Оларға да қазір өздерінше, біреуі байпақ жасағандар да болса, соны жасап жатыр.

Қолөнер шеберелері жасаған бұйымдарды музей қызметкерлері Ннаурыз мерекесіне орай топтастырды. Бұл жолғы көрмеге аймақтағы 50 шақты шебердің 300-ден астам бұйымы қойылды.

Олжас Керейхан, тілші:

- Жалпы тарихи этнографиялық музей ашылғаннан бері бүгінге дейін 70 мың мың экспонат жиналған. Музей мамандары оларды жинап, жыл сайын көрме өткізіп тұрады. Осындай көрмеден соң қолөнер шеберлері кейбір бұйымдарын музейге сыйға тартып кетеді. Ал бүгінгі көрменің мақсаты – ұлттық қолөнерді ұлықтау.

Ұлттық өнерді ұлықтап қана қоймай, оны кәсіп көзіне айналдырған шеберлерді елге таныстыру. Сол үшін әрбір шебердің қолыннан шыққан бұйымға бөлек-бөлек бұрыш арнапты.

Дәулетберді Жекей, облыстық этнографиялық ландшафт-қорық музейінің қызметкері:

- Қазақтың ұлттық дастарханы бейнеленген бесік қазақ үшін аса құнды дүние. Мұндағы мақсат – қазақтың ұлттық дәстүрлі қолөнерін дәріптеу оны халыққа көрсету. Шығыс Қазақстан облысының шеберлерін халыққа таныту.

Тек қолөнер шеберлері емес, суретшілер де Наурыз мейрамын туындыларына арқау етіп келеді. Солардың бірі – Альфия Мухамедьянова. Суретші талай шет елде жеке көрмесін өткізген. Туындыларында ұлттық бояу басым.

Авторлары: Олжас Керейхан, Дмитрий Пыхтин