Голос країни: Диляра Дидарқызы көпшілікті өнерімен тәнті етті

Қазақстандық өнерпаз Диляра Дидарқызы «Украина дауысы» жобасында көпшілікті тағы тәнті етті.

Музыкалық байқаудың 11-маусымының нокаут кезеңінде жерлесіміз Тина Карольдің «Ноченька» әнін шырқады. Диляраның орындауындағы бұл ән төрешілердің де, көрерменнің де көңілінен шықты.

Қазақстандық бойжеткен Олег Винниктің командасында өнер көрсетіп жатыр.

«Голос Країни»: қазақстандық өнерпаз Украинадағы ән байқауының іріктеу сынынан өтті

Естеріңізде болса, қазақстандықтар Ерлан Байбазаров пен Индира Еділбаева «Голос країни» жобасының Х маусымында жасырын тыңдалымнан сәтті өтіп, тіпті финалда өнер көрсеткен болатын.