433,55 515.14 5.60
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Еліміздің көп томдық тарихын жазу ұсынылды

  • 87
  • UPD: 13:35, 30.03.2021
Еліміздің көп томдық тарихын жазу ұсынылды

Бүгін Сенатта «Бір ел – бір тарих» атты халқымыздың академиялық үлгідегі көп томдық тарихын жазу ұсынылды.

Соның негізінде, мектептерде «Қазақстан тарихы» оқулығы қайта әзірленіп, білім беру жүйесіне енгізіледі. Палата депутаттары бұл мәселені «Жаһандану дәуірінде ұлттық құндылықтарды дәріптеу – кешенді жаңғырудың негізі» атты Парламенттік тыңдауда көтерді. Жиында қазақ тілінің қоғамдағы рөлін күшейту және қолданыс аясын кеңейту жайы да қаузалды. Мемлекеттік және квази-мемлекеттік органдар мен мекемелерде және мектепке дейінгі білім беру орындарында мемлекеттік тілді толыққанды қолдану, оны оқытуды жетілдіру, ғылым мен технология тіліне айналдыру қажеттігі атап өтілді. Сондай-ақ ұлттық руханияттың қайнар көзі – төл әдебиетімізді дамыту мақсатында «Мәдениет туралы» заңға өзгерістер енгізіп, балалар әдебиетін кешенді қолдау ұсынылды

Хабар 24 телеарнасы