Жамбыл Жабаевтың мажар тіліндегі жыр жинағы жарық көрді

Елордада жыр алыбы – Жамбылдың мажар тіліндегі тұңғыш жыр жинағының тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оған ақынның өлеңдері мен зерттеу мақалалары да енгізілді. Салтанатты шараға елімізге ресми сапармен келген Мажарстанның сыртқы істер министрі де қатысты. Петер Сийяртоға «Еуропа әміршісі Аттила» атты ғылыми еңбек таныстырылды. Мәртебелі мейман Түркі академиясының жұмысымен және кітапханасындағы құнды қолжазбалармен танысты. Әрі академия қорына мажар тілінде жарық көрген бірқатар жинақты тарту етті. Жиын барысында тараптар ғылыми ынтымақтастықты нығайтып, бірлескен жобаларды жүзеге асыруға уағдаласты.