Иманбек танымал әнші Шон Полмен бірлесіп шығарған жаңа тректі ұсынды

Диджей Иманбек әлемге танымал әнші Шон Полмен (Sean Paul) және Мексика тумасы, әнші София Рейеспен бірлесіп шығарған Dancing on Dangerous синглын тыңдарман қауымның назарына ұсынды.

Иманбектің ресми каналында жарияланған тректегі ойнақы әуен тыңдаушыға «көктем шығып, күн жылыған шуақты кезеңге арнап жазылған ба» деген ой ұялатады.