429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Танымал жазушы, ақын Есенғали Раушанов өмірден озды

  • 193
  • UPD: 11:46, 16.04.2021
Танымал жазушы, ақын Есенғали Раушанов өмірден озды

Қазақ халқының танымал жазушысы, ақын Есенғали Раушанов өмірден өтті. Бұл туралы ақын, Қазақстан Жазушылар одағы басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Есенғали Әбдіжаппарұлы 1957 жылы 5 қазанда Қарақалпақстанда дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген соң еңбек жолын Өзбекстанның Жызақ облысындағы «Достық» газетінде әдеби қызметкер болып бастайды. Содан кейінгі жылдары «Жалын», «Арай», «Зерде» журналдарында жұмыс істейді.

Қазақтың аса көрнекті ақыны, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Есенғали Раушанов бірнеше тың туындылардың авторы ретінде қалың оқырманға кеңінен танымал. Оның шығармалары орыс, литва, украин, болгар, чех, өзбек, қырғыз тілдеріне аударылған.

Хабар 24 телеарнасы