Қарағандыда шынайы оқиғаға негізделген «Бірінші толқын» фильмінің түсірілімі басталды

Ауруханалар лық толған. Күн сайын ондаған адам көз жұмып жатыр.

Ал дәріханаларда дәрі жоқ. Қауіпті вирусты емдейтін дәрігерлер де жетіспейді. Қарағандыда шынайы оқиғаға негізделген «Бірінші толқын» деп аталатын кинотуындының түсірілімі басталды.

Киногерлердің бұл дәстүрі картинаның сәтті шығуына болуына септеседі деген тәмсіл бар. Актерлық құрам тұп-тура бір ай бойы іріктелген. 90 минуттық драма барысында ел басына күн туған кезде етігімен су кешкен барлық жандар ескерілді. Сюжеттің негізгі кейіпкерлері медицина қызметкерлері, полиция өкілдері, еріктілер, студенттер. Вирус олардың әрқайсысының өмірін өзгертті. 

Жәнібек Құсайынов, актер:

- Менің бұл кинодағы рөлім – Қайрат деген жігіт. Ол жедел уәкіл болып қызмет етеді. Өздеріңіз білесіздер, карантин кезінде сол кезде мемлекеттік қызметкерлерге өте қиын болды. Иығына үлкен ауыртпалық түсті. Өз өмірдегі графиктен гөрі басқаша жұмыс істеді. Бұл менің көпшілік алдындағы міндетім деп ойлаймын.

Кастингке 300-дей адам қатысты. Олардың ішінен 50 актер іріктелді. Байқауға қатысқандардың арасында індет салдарынан жақындарынан айырылғандар да болған. Олардың оқиғасы филімде айшықты орын алады. Ал басты рөлдерді театр әртістері сомдайтын болды.

Жәнібек Садықанов, фильмнің продюсері:

- Кино екі бөлімнен тұрады. КВИ енді келгенде ешкім сенбеген кез. Бар ма, жоқ па деп жүрген. Содан кейін ТЖ тоқтаған соң халық қонаққа, анда-мында барады. Сол шілде мен маусым кезіндегі қатты ауырған драма мен трагедияны көрсету мәселесі.  

Кинокартинаның негізгі бөлімі қала орталығында өрбиді. Ол үшін тіпті жолдарға блок-бекеттер қойылады. Түсірілім осы жылдың қыркүйек айында аяқталып, кейін көрерменге жол тартады деп жоспарланып отыр. 

Дәуренбек Бағдәулетұлы, Сайлау Игіліков, Аслан Демесбаев