429,33 519.25 5.73
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Қазақстандық цирк артисі Монте-Карлодағы жарысқа қатысады

  • 194
  • UPD: 15:40, 19.04.2021

Алматы циркінің артисі Әділет Тиканов жуырда Монте-Карлода өтетін халықаралық фестивальге қатысады. Ол бұған дейін де өнер додаларында топ жарған. 

Айтуынша, акробат-гимнаст болу екінің бірінің қолынан келмейді. Оған бала кезден ден қойып, тынымсыз еңбектену керек. Тек сонда ғана айтулы жетікстіктерге қол жеткізуге болады. Қазір ол өзінен кейін келген жастармен тәжірибесімен  бөлісіп жүр. 10 жыл ішінде өзінің авторлық номерлерін де қалыптастырып үлгірді.

Әділет кішкентайынан цирк десе ішкен асын жерге қоятын. Жасөспірім кезінде әрқилы элементтерден тұратын көше биін де билеп көрді. Мектеп бітіргеннен кейін эстрада-цирк колледжіне түсіп, сүйікті ісімен айналысуға мүмкіндік алды. Қазір Қазақ мемлекеттік циркінде акробат болып жұмыс істейді. Жарын да осы жерде кездестірді.  Цирк өнерінде жүрген 10 жыл ішінде көптеген жарыстарға қатысып, тәуелсіз Қазақстанды танытып келеді. Өзі тәуелсіздікпен түйдей құрдас.     

Әділет Тиканов, Қазақ мемлекеттік циркінің артисі:

- Мен жұмысқа жақсы көріп келемін. Бар дос балаларым. Ертең жұмыс деп айтады да. Ал мен жақсы көріп өзім келемін мұнда, 2008 жылдан бері циркте.

Көрерменге бұл номер жасалу тәсілі қарапайым болып көрінуі мүмкін. Алайда оны сәтті жасау үшін күнделікті жаттығу қажет. Дәл осы номерде Әділет  өзімен қоса жоғарыдағы серіктесінің де тепе-теңдікті ұстауына жауапты. Оның элементтері биікте орындалады. Бұл номермен олар Украинада, Ресейде және Испанияда өткен халықаралық фестивальдарда өнер көрсетіп, қошеметке ие болған.

Әділет Тиканов цирк артисі акробатикалық жаттығумен ғана шектелмейді. Оған қоса импровизация жасай білуі керек, дейді. Яғни сахнада болып жатқан барлық іс-әрекетке жауапты болады. Себебі трюкті орындап жатқанда кез келген нәрсе болуы мүмкін. Соған да дайын болған жөн.

Әділет Тиканов, Қазақ мемлекеттік циркінің артисі:

- Цирк артисінің бойында тез шешім қабылдау болу керек. Цирк ол импровизациядан тұрады. Оқыс жағдайларда смекалка болу керек әрине ол ең бірінш орында. Үлгіретіндей, құлап бара жатқан жағдайда не істеу керек екенін. Мен өзім без страховки өткізетіндіктен мысалы, үстіндегі адам без страховки болады. Сол кезде құлап бара жатқан жағдайда не істеу керек екенін. Соны білу керек.  

Қазақ мемлекеттік циркінде Әділетпен бірге түрлі ұлттың өкілдері қызмет етеді. Барлығы да жетістіктерін туған жеріне, еліне арнаудан жалыққан емес.  Шетелдегі қойылымдардың дені қазақ ұлттық музыкасының сүйемелдеуімен орындалады. Костюмдері де ұлттық нақышта тігілген. Ал Әділет Тиканов болса қазір Монте-Карлода өтетін дәстүрлі халықаралық цирктер байқауына қатысуға дайындалып жатыр. 

Авторлар: Қарлығаш Қайыпбекова, Радик Джакупов

Хабар 24 телеарнасы