EL ARNA YouTube видеохостингінің «күміс батырмасына» ие болды

EL ARNA телеарнасының YouTube желісіндегі ресми аккаунты «күміс батырмаға» ие болды.

Қазіргі таңда 130 мыңға жуық тұрақты көрермені бар EL ARNA YouTube каналы 2017 жылдан бастап жұмыс істеп келеді. Былтыр қараша айында жазылушылар саны белгілі межеге жетіп, бүгін YouTube видеохостингінің марапатын қоржынына салды.

Ресми каналда «Алтыншы бекет» фильмінің түсірілім барысы (215 927 қаралым) және осы туындыда басты рөлді сомдаған Ербол Отарбаевпен сұхбат (129 442 қаралым) ең көп қаралым жинаған. Бұл тізімде, сондай-ақ, «Культурная жизнь», «Мудрость веков» бағдарламаларының шығарылымдары мен т.б. бар.

Сонымен қатар EL ARNA каналынан телесабақтар күнделікті онлайн көрсетіліп, желіге жүктелуде. Барлық телесабақты бірінші және екінші сілтемелер арқылы таба аласыз.

Айта кетсек, бұл – YouTube хостингінен алған бірінші жүлде емес. Бұған дейін «Хабар» телеотбасының құрамына кіретін арналар иеленген: «Хабар 24», «Хабар NEWS», «Хабар TANYM», «QAZAQ TV» «күміс батырманы», ал 2019 жылы «Хабар SHOW» YouTube каналы «алтын батырманы» алды. Осылайша, агенттіктің барлық төрт телеарнасының YouTube аккаунты «күміс батырмаға» ие және 2020 жылдың қараша айының қорытындысы бойынша өте табысты болды.