Ақын Жәркен Бөдеш өмірден озды

Қазақ қара өлеңінің тағы бір қара нары құлады. Танымал ақын Жәркен Бөдеш 76 жасқа қараған шағында өмірден өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тарбағатай жерінде туған шайыр ұлт руханиятының дамуына сүбелі үлес қосты. Түрлі басылымдарда еңбек етті. Мемлекеттік кітап палатасында жауапты қызмет атқарды. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығында бөлім меңгерушісі болды. Оның «Аңырақай бекетіндегі ой», «Қарауыл төбе», «Тас бесік», «Бостандықтың басы», «Шер» сынды ондаған жыр жинағы жарық көрген. Марқұммен қоштасу рәсімі ертең Алматыда өтеді.