Бозжыра шатқалында «Адай» күйі орындалды

Домбырашы Маржан Қапсамат пен виолончелист Бағжан Октябрь Бозжыра шатқалында күй орындап, бейнебаян түсірді.

Олар Құрманғазы Сағырбайұлының әйгілі «Адай» күйін күмбірлетті.

Бейнебаян әлеуметтік желіде жарияланды. Желі қолданушылары, олардың ішінде шетелдіктер видеороликтегі табиғаттың әсемдігі мен шығарманың орындалуына тамсанды.