Елордада Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнатылады

Нұр-Сұлтанда талантты әнші, композитор Батырхан Шүкеновке арнап ескерткіш орнатылады.

Елорда әкімдігі соған орай үздік эскиз-идеясына байқау жариялады.

Ұсыныстарды Birge платформасына оң жағынан төменгі бұрышындағы «Кері байланыс» батырмасы арқылы жіберуге болады.

Қалалық саябақта композитор Батырхан Шүкеновке ескерткіш орнату жоспарланып отыр. Жоба демеушілік қаражат есебінен жүзеге асырылады, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.

Көрнекті әнші және композитор Батырхан Шөкенов 1962 жылы 18 мамырда дүниеге келген. Оның қайтыс болғаны туралы ақпарат бүкіл елді және әншінің миллиондаған тыңдарманын есеңгіретіп жіберген еді.