Ескендірдің ескірмейтін әні қалды

Бүгін белгілі композитор, әнші Ескендір Хасанғалиев 82 жасқа қараған шағында өмірден озды.

Ол біраз уақыттан бері науқастанып ауруханада жатқан еді. Тау тұлғаның артында мол мұра қалды. Оның әндері халық жадында мәңгі сақталады. 

Бүгін қазақ өнері қара жамылды. Мәңгілік ескірмейтін махаббатты жырлаған Ескендір Хасанғалиев өмірден озды. Өмірін өлеңмен байланыстырған тау тұлға артына өшпес із қалдырды. Мәңгілік шырқалатын ән сыйлады.

Танымал композитордың бірнеше ән-жинақтары жарық көрді. «Әдемi», «Aсыл aрмaн», «Өмiрiмнiң жaзы», «Aтaмекен» әндерi шетелдік өнерсүйер қауымға да танымал. Хaсaнғaлиев шығaрмaшылығына тaқырыптың әмбебaптылығы, мaтериaлды берудiң көп сaлaлығы тән. Ол музыкaны қaзaқ, орыс, ұйғыр, тaтaр, немiс aқындaрының сөзiне жaзды. Қaзiргi қaзaқ композиторлaрының ән-ромaнстaрын нaқышынa келтiре шебер орындaды.

Бірнеше уақыттан бері денсаулығы сыр берген композитор індеттің құрбанына айналды. Хасанғалиев артына мол мұра қалдырды. Өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тау тұлғаның сахнадағы салмақты қимылы, әнді нақышына келтіре орындайтын шеберлігі ел жадында сақталады. «Атамекен» деп ән салғанда тұтас көрермен тік тұрып қол соғатын.

Гүлзия Нақыпқызы