425,70 504.60 5.77
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Димаштың «Be With Me» бейнебаяны жарыққа шықты

  • 166
  • UPD: 16:14, 01.05.2021

Димаш Құдайбергеннің YouTube каналында «Be With Me» музыкалық бейнебаянының премьерасы өтті.

Қызықты сюжет әншінің жаңа қырын көрсетті, деп хабарлайды dimashnews.com.

Экшн жанрындағы нағыз шағын фильм секілді бейнебаян Алматыда түсірілген. Түсірілім басталар алдында украиналық режиссер Радислав Лукин дайындық жұмыстарымен айналысу үшін Қазақстанға ұшып келді.

Димашпен бірге бейнебаян түсіру идеясы бұрынырақ, «ARNAU» концерттік турына промо-бейне түсіру кезінде пайда болды. Әртіс Радиславқа «Be With Me» жаңа трегін жіберген кезде, режиссер әншінің ішкі әлемін, энергиясы мен ойының ауқымын түсіне отырып, іс жүзінде бірден болашақ роликтің тұжырымдамасын ойлап тапты.

Димаш – әндерде ғана емес, бейнебаяндарда да өзінің ішкі энергиясын беретін әртіс. Мысалы, концерттер мен түсірілімдер туралы айтатын болсақ, Димаш шығармашылығының барлық жанкүйерлері оның стадион төбесінің астында ұшуды, қандай да бір қауіпті трюктерді орындауды ұнататынын біледі. Сондықтан экшн мен төбелес көріністері болатын жанрлық кино сияқты түсіру идеясы пайда болды. Сондай-ақ, Димаштың актерлік шеберлігі өте жақсы дамығанын және ол әр түрлі образдарға ене алатындығын атап өткен жөн. Сондықтан осы бейнебаянда мен әртісті көрермендер үшін мүлде басқа қырынан жаңа рөлде көрсеткім келді, – деп бөлісті Радислав Лукин.

Бейненің сюжеті көптеген көріністерді тұспалдайды. Бейнебаян желісін барынша әсерлі құру үшін түсірілім тобы көптеген орындарды қайта қарастырып, олардың ішінен Алматының әртүрлі жақтарындағы бірнеше орын таңдалды.

Қоюшы-оператор Азамат Дулатов Димаш үшін түсірген барлық бейнебаяндардың ішіндегі ең қиыны осы болғанын айтты. Команданың әр мүшесі өте мұқият таңдалды.

«Бейнебаянның түсірілімімен қатар Димаш музыкамен белсенді айналысуды жалғастырды. Яғни, ол түнде студияда жаңа материал жазып, содан кейін демалмай, төбелеске арналған жаттығуларға баратын. Ол осы жаттығуларда өте көп күш жұмсағандықтан, біз экшн көріністерін тек 2-3 дубль ғана түсірдік», - деді Радислав.

Бейнебаянның трюктерін қазақстандық, сондай-ақ шетелдің көптеген танымал кинокартиналарымен жұмыс істеген Kazakh union каскадерлік тобы қойды. Олар — «Неудержимые 2», «Дневной дозор», «Көшпенділер», «Рэкетир» және тағы да басқа кинокартиналарға қатысқан қас мамандар

Каскадерлік топтың жетекшісі Бауыржан Әбішев экшн-көріністерінің жұмысынан алған әсерлерімен бөлісті.

«Қиын болды деп айта алмаймын, өйткені менің осындай көріністерге арналған трюктерді жасауда үлкен тәжірибем бар. Димаш спортқа дағдыланған жігіт, қойылған міндеттерді тез меңгерді, сондықтан үш-төрт күн ішінде біз қалағанымызға қол жеткіздік. Бейнебаянда жұмыс істегеннен көп әсер алдым. Мен көрермендердің пікірлерін асыға күтемін», - деді ол.

Хабар 24 телеарнасы