Сеулде әуе сапарын еске түсіретін мейрамхана ашылды

Сеулде авиациялық тамақ беретін мейрамхана ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Осылайша, бұл жерге келгендер әуе кеңістігінде жүргендей әсер алады. Мекемеде даяшылардың орнына бортсеріктер қызмет көрсетеді, ұшаққа отыру талондары беріледі және ұшақтағы терезелер орнатылған. Ас мәзірі негізінен күріштен және әртүрлі сусындардан тұрады. Әуе саласына арналған мейрамхана тек 28 шілдеге дейін ғана жұмыс істейді. Айта кетейік, былтыр елде 40 миллиондай жолаушы ішкі және халықаралық рейстермен ұшыпты. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 70%-ке аз.

Блиц:

- Ұшақпен ұша алмай қалған күйімізді ойласам, көңілім бұзылады. Бірақ мына жерге келіп, әуе сапарында жүргендей күй кештім. Тағамы да өте дәмді. Ризамын.