Мәскеуде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жеңіс күніне арналған фотокөрме ашылды

Мәскеудің орталығында Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Жеңіс күніне арналған фотокөрме ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жерде қала тұрғындары қазақ елінің азаттық алған жылдардағы жетістіктерімен және қазақстандықтардың Екінші дүниежүзілік соғыста жеңіске жетуге қосқан үлесімен таныса алады. Суреттер Мәскеуді, Беларусьті, Польшаны азат етуге және Берлинді алуға қатысқан қазақ батырларының және тылдағы жанкештілердің ерліктерінен сыр шертеді. Соғыс жылдарындағы қазақстандық қыз-келіншектерге де бірнеше тақта арналған. Жалпы көрмеде Нұрсұлтан Назарбаев қорының, Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Әскери-тарихи музейінің, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің архивінен алынған фотолар қойылған 16 стенд құрылған. Қазақстанның Ресейлігі елшілігі мұрындық болған көрме жұмысы 16 мамырға дейін жалғасады.

Ермек Көшербаев, Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі:

- Қазақстанда соғыс жылғы санақ бойынша 6,5 миллион адам болған. Оның 1 миллион 200 мыңы майданға аттанды. 600 мыңнан астамы соғыстан сол беті оралмады. Жауға қарсы атылған 10 оқтың 9-ы қазақстандық қорғасыннан құйылды. Бұл біздің мемлекеттер, халықтар үшін маңызды күн, себебі бұл болашақ ынтымақтастығымызды сақтауға және дамытуға негіз бола алатын оқиғалардың бірі

Блиц:

- ҰОС кезінде біздің нағыз Отан корғайтын аталарамыз Қазақстаннан шыққан ғой. Бауыржан Момышұлы атамыз, Әлия Молдағұлова апамыз деген сияқты. Осы жақтың мәскеуліктері қазақтың батырларын білу керек деп ойлаймын.