426,73 523.00 5.95
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Самал Еслямова «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды

  • 133
  • UPD: 10:30, 07.05.2021
Самал Еслямова «Мәдениет саласының үздігі» медалімен марапатталды

Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұр-Сұлтан қаласының Музыкалық жас көрермен театрында сахналанған «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасын тамашалады.

Спектакльден кейін министр Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Нұр-Сұлтан қаласы Музыкалық жас көрермен театрының актрисасы Самал Еслямоваға Ресей кинематография өнері академиясының «Ника» жүлдесін табыстап, ресейлік режиссер Сергей Дворцевой екеуін «Мəдениет саласының үздігі» төсбелгісімен марапаттады.

Айта кетейік, Ресей кинематография өнері академиясының «Ника» жүлдесін табыстау коронавирус пандемиясына байланысты кейінге шегерілген болатын.

2019 бен 2020 жылдың қорытындысы бойынша «Үздік әйел ролі» номинациясын екі актриса жеңіп алды: біріншісі «Айка» фильмінде басты рөлді сомдаған Самал Есләмова, екіншісі «Дылда» фильмінде ойнаған Виктория Мирошниченко.

Біздің анықтама:

«Ника» сыйлығы 1988 жылдан беріледі. Оған режиссер Юлий Гусман бастамашы болған. Жеңімпаздар Кинематография өнер академиясы мүшелерінің жасырын дауыс беруі арқылы анықталады.

Айта кетейік, қазақстандық актриса Самал Еслямова 2018 жылы ресейлік режиссер Сергей Дворцевойдың «Айка» фильміндегі ролі үшін Канн кинофестивалінде лауреат атанды. «Айка» кинокартинасы режиссер Сергей Дворцевой алты жыл бойы түсірген әлеуметтік драма. Фильмде Мәскеуге жұмыс істеуге келген қырғыз эмигрантының ауыр тағдыры көрсетіледі.

Хабар 24 телеарнасы