Елордада «Жеңіс жолымен» атты жылжымалы концерт ұйымдастырылды

Сахнасы бар арнайы көлік қала көшелерімен жүріп өтті.

Қазақстан эстрадасының әншілері астаналықтар мен шаһар қонақтарына майдан әндерін шырқап берді. Концерт барысында санитарлық талаптар мен әлеуметтік арақашықтық сақталды. Ұйымдастырушылар мен қатысушылардың барлығы «Ашық» жүйесіне тіркеліпті.

Ермек Рақымов, қалалық мәдениет басқармасы басшысының орынбасары:

– Қатысушылар қаланың негізгі көшелері мен даңғылдарымен 50 шақырымдай жол жүрді. Шараның басты мақсаты – соғыс қаһармандарының рухына тағзым ету. Тұрғындар жақсы қабылдап жатыр. Концертке 19 әртіс қатысты. Олардың барлығы – қаламыздың тұрғындары.