«Рухани қазына» байқауы биыл жартылай онлайн форматта өтеді

Елімізде ең үздік музей, кітапхана және мәдениет үйінің қызметкері таңдалып, ақшалай сыйақы табысталады, деп хабарлайды «Хабар 24».

«Рухани қазына» деп аталатын байқау биыл да жалғасын тапты. Ерекшелігі сол – ол жартылай онлайн, жартылай оффлайн форматта өткізіліп жатыр. Яғни, еліміздің түкпір-түкпірінен келген 300-ден аса өтінімді елордадағы комиссия қарайды. Оның барысын қатысушылар тікелей эфирде бақылап отырады. «Бұл аймақтардағы өнер мен мәдениет саласындағы үздік бастамаларды сараптап, өзара тәжірибе алмасуына керемет мүмкіндік», - дейді ұйымдастырушылар.

Күміс Сейітова, ҚР МСМ Мәдениет және өнер істері департаментінің директоры:

- Бұл фестивальдің аясында былтыр да, биыл да шеберлік сағаттарын өткіземіз. Биыл бұл шараға көрші Ресей өкілдері де қатысады. Сондықтан бұл фестиваль бәріне керек және пайдалы. Кітапхана, музей және мәдемнт үйлерінің дамуына үлкен үлес қосады деген ойдамын.

Айта кету керек, фестиваль аясында тек үздік қызметкерлер ғана емес, үздік мекемелер де таңдалады. Бас-аяғы 50-ден аса аталым бар. Жеңімпаз атанғандар 18 және 21 мамырда Көкшетауда бас қосады. Бұл күндердің таңдалуы бекер емес. Өйткені 18 мамыр – Халықаралық музейлер күні. Ал, 21 мамыр елімізде Мәдениет саласы қызметкерлерінің күні деп белгіенген.

Айта кетейік, «Рухани қазына» байқауы 2018 жылдан бері тұрақты ұйымдастырылып келеді. «Бұл сала мамандарының мәртебесін арттырып, қосымша мотивация беретін керемет алаң», - дейді мамандар.

Жеңіс Сейдуллаұлы, «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры:

- Ең басты мақсатымыз – аймақтық мәдени ұжымдарының иммиджін көтеру. Сосын онлайн форматта болғаннан кейін әр мәдени ошағы басқа аймақтарда қалай тыныс алып жатқанынымен танысып, бір-бірімен тәжірибе алмасады. Мәселенің бәрі сонда.

Сондай-ақ...