425,82 518.00 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Баянауыл өңірінде түсірілген «Аға» фильмі жарыққа шықты

  • 107
  • UPD: 23:18, 13.05.2021

Жас режиссер Фархат Серкебаев бұл тырнақалды туындысын қазақтың тарихы мен бүгінгі күнін байланыстыра отырып түсірген, деп хабарлайды «Хабар 24».

Шығармашылық топ экшн жанрындағы фильмнің көрермен көңілінен шығарына сенімді.

Павлодарда дүниеге келген жас режиссер Фархат Серкебаев кино түсіруді көптен армандаған екен. Ол «Аға» фильмінің сценариін жазуды 2013 жылдан бастап қолға алыпты. Ұзақ уақыттық толғаныстан шыққан туындының кеше «Kinopark 11 Imax Esentai» кинотеатрында таныстырылымы өтті.

Фархат Серкебаев, фильм режиссері:

- Иә бұл менің тырнақалды туындым. Әрбір режиссердің өзіндік қолтаңбасы болады. Әркімге әртүрлі жанр ұнайды. Менің оң жамбасыма осы экшн жанры келеді деп топшыладым. Өйткені бала кезімнен шытырманға толы киноларды қарап өстім. Бұл кинода тек қана атыс-шабыс емес көпшілікке ой салатын мағыналы тұстары да жетерлік.

«Аға» фильмінің жалпы мән-мағынасы – әке мен баланың қарым-қатынасы. Жас ұрпақтың тәрбиесі. Ақшаның буына мастанған Сансызбай, ұлы Сәкеннің адам болып өсуіне еш алаңдаған емес. Нәтижесінде тәлім-тәрбие көрмеген баласының жасаған қиянаттарынан өзі опық жейді.

Болат Әбділманов, актер:

- Экшн фильм болған кездегі мына үш жүздің бірігуі сол үш жүздің әр өкілдері бүкіл қазақтың тұтастығы. Сонда біреу егер жаңағы тәртіпсіздік жасаса, қылмыс жасаса, соны өздері соны айыптау арқылы осындай тарихпен бүгінгі күнді әкелгісі келген кинода.

Фильмде Арман Асенов пен Нұрсұлтан Мұхамеджанов, Азамат Ибраев пен Мариам Сатаева секілді жас актерлерден бөлек, Фархад Абдраимов пен Мұрат Бисенбин секілді елімізге белгілі актерлер ойнайды. Сондай-ақ ресейлік актер Александр Устюговта бар. «Аға» фильмі бүгіннен бастап «Kinopark және Kinoplexx» кинотеатрлар желісінен көрсетіледі.

Авторлары: Жандос Айтбайұлы, Радик Жақыпов

Хабар 24 телеарнасы