С.Мұсайбековтың кінәсі дәлелденсе қызметімнен кетемін – Министр Райымқұлова

Мәдениет және спорт министрінің бұрынғы орынбасары Сәкен Мұсайбековтың кінәсі дәлелденсе, Ақтоты Райымқұлова жұмысынан кетеді.

Ведомство басшысы бұл туралы Орталық коммуникациялар брифингінде мәлім етті.

Естеріңізге салайық, «Мұсайбеков ақпан айында букмекерлік салаға қолдау көрсеткені үшін пара алды» деген күдікпен ұсталған. Қазір соталды тергеу жүріп жатыр.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР Мәдениет және спорт министрі:

- Еліміздің Конституциясына сәйкес, адамның кінәсі дәлелденбегенше, оны айыптауға болмайды. Әрине Сәкен Мұсайбеков шын мәнісінде кінәлі болып шықса, мен өз қызметімнен кетемін.