«Қазақфильм» күрделі жөндеуден өтеді

Министр Ақтоты Райымқұлова оны кинофабрикаға айналдырамыз деп сендіріп отыр.

Бәрін жаңартпақ. Ғимаратын да жөндейді. Инженерлік желілерін ауыстырады. Кино түсіретін алаңдарын да басқаша қылады. «Қазақфильмді» тотыдай түрлендіреміз дейді. Жөндеу жұмыстары басталып кеткен. Толықтай жаңарту үшін 3 жыл уақыт керек. Министр жөндеу жұмыстары шығармашылық процеске кедергі келтірмейді дейді. Түсірілім тоқтамайды.